Javascript must be enabled to continue!
ТҰРЛЫБЕК СҰЛТАНБЕКҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТЫҚ САРЫН МЕН НӘЗИРА ДӘСТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ
View through CrossRef
Мақалада Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдеби мектебінің көрнекті өкілі Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің көркемдік ерекшеліктері талданады. Ақын шығармаларындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрін игерудегі шеберлігі сараланады. Зерттеу барысында ақынның шығармаларына негіз болған. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының «Мұңкүн жетім», «Құлқаныс-Зеберше» және басқа да дастандарындағы нәзирагөйлік дәстүрдің көріністері талданады. Зерттеудің өзектілігі – қазақ әдебиетінде аймақтық әдеби мектептердің шығармашылық мұрасын зерттеу ісі әлі де толық жүйеленбеген мәселе. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы осы тұрғыдан алғанда дәстүр сабақтастығының, әсіресе шығыстық поэтикалық үлгілер мен нәзира дәстүрінің қазақ әдебиетінде қалай дамығанын айқындайтын маңызды дерек көзі. Бұл мәселені қарастыру ұлттық әдеби дамудың тарихи заңдылықтарын, мәдени ықпалдастық үдерістерін және поэтикалық жаңашылдықты түсіну үшін өзекті. Ақын мұрасын зерттеудегі тың бағыттардың біріне жол ашып, оның әдеби мұрасын кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты – Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздерін анықтау және ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау. Зерттеу барысында Тұрлыбек Сұлтанбекұлының бұрын ғылыми айналымға енбеген архивтік қолжазбалары мен сирек жарық көрген шығармалары қарастырылып, алғаш рет мәтіндік және көркемдік талдауға түсті. Зерттеу нәтижесінде Тұрлыбек Сұлтанбекұлының шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздері айқындалды. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы ұлттық поэтикалық жүйенің дәстүрлі арнасын сақтай отырып, оған өзіндік көркемдік жаңалықтар енгізуімен ерекшеленеді. Ақын шығармашылығында қазақ өлеңінің классикалық өлшемдері мен халықтық тілдік өрнектері заманауи мазмұнмен сабақтасып, жаңа поэтикалық сипатқа ие болады. Сонымен қатар, оның туындыларында ұлттық болмыс пен рухани құндылықтар қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени мәселелерімен ұштасып, қазақ поэзиясының мазмұндық-идеялық өрісін кеңейтуге ықпал етеді.
Institute of Literature and Art named for M. Auezov
Title: ТҰРЛЫБЕК СҰЛТАНБЕКҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТЫҚ САРЫН МЕН НӘЗИРА ДӘСТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ
Description:
Мақалада Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдеби мектебінің көрнекті өкілі Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің көркемдік ерекшеліктері талданады.
Ақын шығармаларындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрін игерудегі шеберлігі сараланады.
Зерттеу барысында ақынның шығармаларына негіз болған.
Тұрлыбек Сұлтанбекұлының «Мұңкүн жетім», «Құлқаныс-Зеберше» және басқа да дастандарындағы нәзирагөйлік дәстүрдің көріністері талданады.
Зерттеудің өзектілігі – қазақ әдебиетінде аймақтық әдеби мектептердің шығармашылық мұрасын зерттеу ісі әлі де толық жүйеленбеген мәселе.
Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы осы тұрғыдан алғанда дәстүр сабақтастығының, әсіресе шығыстық поэтикалық үлгілер мен нәзира дәстүрінің қазақ әдебиетінде қалай дамығанын айқындайтын маңызды дерек көзі.
Бұл мәселені қарастыру ұлттық әдеби дамудың тарихи заңдылықтарын, мәдени ықпалдастық үдерістерін және поэтикалық жаңашылдықты түсіну үшін өзекті.
Ақын мұрасын зерттеудегі тың бағыттардың біріне жол ашып, оның әдеби мұрасын кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мақаланың мақсаты – Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздерін анықтау және ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау.
Зерттеу барысында Тұрлыбек Сұлтанбекұлының бұрын ғылыми айналымға енбеген архивтік қолжазбалары мен сирек жарық көрген шығармалары қарастырылып, алғаш рет мәтіндік және көркемдік талдауға түсті.
Зерттеу нәтижесінде Тұрлыбек Сұлтанбекұлының шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздері айқындалды.
Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы ұлттық поэтикалық жүйенің дәстүрлі арнасын сақтай отырып, оған өзіндік көркемдік жаңалықтар енгізуімен ерекшеленеді.
Ақын шығармашылығында қазақ өлеңінің классикалық өлшемдері мен халықтық тілдік өрнектері заманауи мазмұнмен сабақтасып, жаңа поэтикалық сипатқа ие болады.
Сонымен қатар, оның туындыларында ұлттық болмыс пен рухани құндылықтар қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени мәселелерімен ұштасып, қазақ поэзиясының мазмұндық-идеялық өрісін кеңейтуге ықпал етеді.
Related Results
ПЛАТОН ДЕНЕЛЕРІ
ПЛАТОН ДЕНЕЛЕРІ
Мақалада Платон денелерінің симметриялары топ теориясы тұрғысынан қарастырылады. Тетраэдрлік симметрия тобына ерекше назар аударылады. 12 элементтен тұратын топтың құрылымына талда...
Семей округінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: әкімшілікозбырлық және оның салдары (1928-1930 жж.)
Семей округінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: әкімшілікозбырлық және оның салдары (1928-1930 жж.)
1920–1930 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформалар әлеуметтік және мәдени тұрғыда орны толмас өзгерістерге алып келді. Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты, ...
ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ПОЭТИКА
ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ПОЭТИКА
Мақалада қазіргі қазақ әңгімесіндегі тарихи поэтика мәселесі қарастырылады. Жазушы Айгүл Кемелбаеваның «Көкенай мен Қалқаман», «Ереймен мен Ақынай» әңгімелерінде әдебиеттанудағы об...
ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын және ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі және рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат әдеб...
CASE REPORT: HEMORRHAGIC VASCULITIS IN AN ELDERLY PATIENT
CASE REPORT: HEMORRHAGIC VASCULITIS IN AN ELDERLY PATIENT
Introduction. Hemorrhagic vasculitis (HV), or Schönlein–Henoch purpura, is a systemic vasculitis of small vessels, predominantly mediated by IgA. Although the disease occurs relati...
PHARMACOECONOMIC AND CLINICAL ANALYSIS OF ORAL HYPOGLYCEMIC DRUG USE IN TYPE 2 DIABETES MELLITUS IN PRIMARY HEALTH CARE FACILITIES IN AKTOBE, KAZAKHSTAN
PHARMACOECONOMIC AND CLINICAL ANALYSIS OF ORAL HYPOGLYCEMIC DRUG USE IN TYPE 2 DIABETES MELLITUS IN PRIMARY HEALTH CARE FACILITIES IN AKTOBE, KAZAKHSTAN
Background. Type 2 diabetes mellitus remains one of the leading causes of chronic morbidity and disability, imposing a substantial clinical and economic burden on healthcare system...
SOCIO-BEHAVIORAL RISK FACTORS FOR HIV INFECTION AMONG SYNTHETIC DRUG USERS (BASED ON THE RESULTS OF FOCUS GROUP STUDIES)
SOCIO-BEHAVIORAL RISK FACTORS FOR HIV INFECTION AMONG SYNTHETIC DRUG USERS (BASED ON THE RESULTS OF FOCUS GROUP STUDIES)
Introduction.The article analyzes the specific risks of HIV infection typical for users of modern synthetic drugs (cathinone group stimulants and cannabimimetics). Aim. to assess t...
ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ БИОКОНВЕРСИЯСЫ
ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ БИОКОНВЕРСИЯСЫ
Бұл мақалада ауылшаруашылық өнімдерін (жоғары тиімді тыңайтқыштар мен жемшөп қоспалары) өндіру әдістерін жетілдіру үшін биологиялық белсенді компоненттермен (амин қышқылдары, дәрум...

