Search engine for discovering works of Art, research articles, and books related to Art and Culture
ShareThis
Javascript must be enabled to continue!

Семей округінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: әкімшілікозбырлық және оның салдары (1928-1930 жж.)

View through CrossRef
1920–1930 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформалар әлеуметтік және мәдени тұрғыда орны толмас өзгерістерге алып келді. Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты, оның ішінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаралары қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен шаруашылық құрылымын түбегейлі өзгертіп, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік тұрақсыздықты өршітті. Қазіргі таңда осы тақырып шеңберінде отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеулері көптеп жүргізілуде. Олардың еңбектерінде ұжымдастырудың себептері мен салдарын талдау, сондай-ақ осы реформалардың қазақ халқының тарихи және мәдени дамуындағы терең іздеріне қатысты жаңа көзқарастар мен тұжырымдар қалыптасып отыр. Дегенмен, өңірлік деңгейде, яғни Қазақстанның әрбір аймағындағы ұжымдастыру шараларының ерекшеліктері мен жергілікті халыққа тигізген әсеріне қатысты зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Өңірлік тұрғыдан жүргізілген зерттеулердің аздығы ұжымдастыруды іске асыру ауқымы мен оның жергілікті ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бермей отыр. Осы бағыттағы зерттеулердің артуы, жергілікті жағдайлар мен халықтың қоғамдық-саяси жағдайын нақтырақ бағалауға ықпал етері сөзсіз. Мақалада 1928–1930 жылдары Кеңес Одағының ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың алғашқы кезеңі және оның Қазақстанның шығысында жүзеге асу ерекшеліктері архивтік деректер мен статистикалық материалдар негізінде талданып, ұжымдастыру саясатының аймақтық сипаттары мен салдары қарастырылады. Зерттеу барысында, ең алдымен, ұжымдастырудың себептеріне, соның ішінде мемлекетке астық өткізу жоспары аясында орын алған асыра сілтеулер, жергілікті органдардың заңсыз әрекеттері және БК(б)П ОК басшылығы тарапынан ауыл тұрғындарына бағытталған әділетсіз саясатына назар аударылған. Сонымен қатар, авторлар ұжымдастыру шараларының қазақ ауылдары мен орыс тілді тұрғындар шоғырланған аудандарға тигізген зардаптарын салыстырады.
Title: Семей округінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: әкімшілікозбырлық және оның салдары (1928-1930 жж.)
Description:
1920–1930 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформалар әлеуметтік және мәдени тұрғыда орны толмас өзгерістерге алып келді.
Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты, оның ішінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаралары қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен шаруашылық құрылымын түбегейлі өзгертіп, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік тұрақсыздықты өршітті.
Қазіргі таңда осы тақырып шеңберінде отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеулері көптеп жүргізілуде.
Олардың еңбектерінде ұжымдастырудың себептері мен салдарын талдау, сондай-ақ осы реформалардың қазақ халқының тарихи және мәдени дамуындағы терең іздеріне қатысты жаңа көзқарастар мен тұжырымдар қалыптасып отыр.
Дегенмен, өңірлік деңгейде, яғни Қазақстанның әрбір аймағындағы ұжымдастыру шараларының ерекшеліктері мен жергілікті халыққа тигізген әсеріне қатысты зерттеулер әлі де жеткіліксіз.
Өңірлік тұрғыдан жүргізілген зерттеулердің аздығы ұжымдастыруды іске асыру ауқымы мен оның жергілікті ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бермей отыр.
Осы бағыттағы зерттеулердің артуы, жергілікті жағдайлар мен халықтың қоғамдық-саяси жағдайын нақтырақ бағалауға ықпал етері сөзсіз.
Мақалада 1928–1930 жылдары Кеңес Одағының ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың алғашқы кезеңі және оның Қазақстанның шығысында жүзеге асу ерекшеліктері архивтік деректер мен статистикалық материалдар негізінде талданып, ұжымдастыру саясатының аймақтық сипаттары мен салдары қарастырылады.
Зерттеу барысында, ең алдымен, ұжымдастырудың себептеріне, соның ішінде мемлекетке астық өткізу жоспары аясында орын алған асыра сілтеулер, жергілікті органдардың заңсыз әрекеттері және БК(б)П ОК басшылығы тарапынан ауыл тұрғындарына бағытталған әділетсіз саясатына назар аударылған.
Сонымен қатар, авторлар ұжымдастыру шараларының қазақ ауылдары мен орыс тілді тұрғындар шоғырланған аудандарға тигізген зардаптарын салыстырады.

Related Results

CHARACTERISTICS OF THE INTESTINAL MICROBIOME IN STROKE PATIENTS WITH INSULIN RESISTANCE
CHARACTERISTICS OF THE INTESTINAL MICROBIOME IN STROKE PATIENTS WITH INSULIN RESISTANCE
Introduction. Advances have been made in the treatment and prevention of stroke in recent decades, but its burden remains high. New targets are needed to improve outcomes. Recent s...
STRATEGIC OPPORTUNITIES FOR THE DEVELOPMENT OF AGRICULTURAL COOPERATION IN KAZAKHSTAN
STRATEGIC OPPORTUNITIES FOR THE DEVELOPMENT OF AGRICULTURAL COOPERATION IN KAZAKHSTAN
Қазақстанның ауылдық аумақтарының тұрақты дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы (АШ) өндірісінің шағын тауарлық сипатын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірі...
EPIDEMIOLOGICAL ASPECTS OF PREGNANT LOSSES. LITERATURE REVIEW.
EPIDEMIOLOGICAL ASPECTS OF PREGNANT LOSSES. LITERATURE REVIEW.
Relevance. Miscarriage is a spontaneous termination of pregnancy that leads to death at any time from implantation to delivery. Miscarriage affects about a third of pregnancies and...
CASE REPORT: HEMORRHAGIC VASCULITIS IN AN ELDERLY PATIENT
CASE REPORT: HEMORRHAGIC VASCULITIS IN AN ELDERLY PATIENT
Introduction. Hemorrhagic vasculitis (HV), or Schönlein–Henoch purpura, is a systemic vasculitis of small vessels, predominantly mediated by IgA. Although the disease occurs relati...
MENTAL HEALTH OF MEDICAL WORKERS DURING COVID-19 PANDEMIC: A LITERATURE REVIEW
MENTAL HEALTH OF MEDICAL WORKERS DURING COVID-19 PANDEMIC: A LITERATURE REVIEW
Background. Medical workers at hospitals who were directly involved in the diagnosis, treatment, and care of Covid-19 infected patients were at high risk of developing mental distr...
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ФЕМИНИЗМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ МАҢЫЗЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ФЕМИНИЗМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ МАҢЫЗЫ
Бұл ғылыми мақала Қазақстандағы ислам феминизмінің әлеуметтік, мәдени және рухани қырларын жан-жақты зерттеу-ге арналған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қазақстандық...
АУЫЛ ЖАСТАРЫН БЕЙІМДЕУ МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДА БІЛІМ, САЯСАТ, ӘСКЕР ЖӘНЕ ДІННІҢ МАҢЫЗЫ
АУЫЛ ЖАСТАРЫН БЕЙІМДЕУ МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДА БІЛІМ, САЯСАТ, ӘСКЕР ЖӘНЕ ДІННІҢ МАҢЫЗЫ
Мақалада әлеуметтік лифт тетіктері арқылы ауыл жастарын бейімдеу және интеграциялауда білім, саясат, әскер және діннің маңызын зерттеу үшін ауыл жастары ең көп шоғырланған Түркіс...
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
Мақалада стиль құбылысы ғылыми проблематика ретінде қарастырылған. Бұл мәселе бойынша жазылған еңбектердегі ғылыми идеяларды және тұжырымдарды салыстыру барысында стиль құбылысының...

Back to Top