Search engine for discovering works of Art, research articles, and books related to Art and Culture
ShareThis
Javascript must be enabled to continue!

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ФЕМИНИЗМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ МАҢЫЗЫ

View through CrossRef
Бұл ғылыми мақала Қазақстандағы ислам феминизмінің әлеуметтік, мәдени және рухани қырларын жан-жақты зерттеу-ге арналған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қазақстандық қоғамда діни сәйкестілік пен гендерлік теңдік мәселелерінің өзара байланы-сын түсінудің маңыздылығымен анықталады. Мақаланың негізгі мақсаты – қазақстандық мұсылман әйелдердің қазіргі қоғамдағы орны мен рөлін, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кешенді талдау. Бұл зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі жалпы ғылыми, арнайы және теориялық-методологиялық тәсілдердің кешенді қолданылуына негізделген. Жалпы ғылыми әдістер ретінде диалектикалық, жүйелік талдау және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылып, олар ислам феминизмінің қазақстандық қоғамдағы даму заңдылықтарын, әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін және қалыптасу кезеңдерін зерттеуге мүмкіндік берді. Арнайы әдістер қатарында қолданылған дискурс-талдау және феноменологиялық әдістер ислам феминизмі туралы қоғамдық пікірталастарды зерттеуге және мұсылман әйелдердің діни тәжірибесін терең түсінуге бағытталды. Мақалада ис-лам феминизмінің теориялық-методологиялық негіздері қарастырылып, оның қазақстандық контекстегі ерекшеліктері анықталды. Зерттеу ба-рысында ислам феминизмінің қазақ қоғамындағы даму заңдылықтары, оның дәстүрлі діни құндылықтармен үйлесімділігі және заманауи әлеуметтік өзгерістерге әсері жан-жақты талданды. Мақалада ислам феминизмінің қазақстандық моделі, оның дәстүрлі ислам құндылықтары мен қазіргі заманғы феминистік идеялардың синтезі ретінде қалыптасу ерекшеліктері сипатталады. Мақалада ұсынылған тұжырымдар мен қорытындылар гендерлік теңдік мәселелерін зерттеуде, әлеуметтік саясатты қалыптастыруда және діни-мәдени зерттеулерде практикалық маңызға ие.
Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of The Republic of Kazakhstan
Title: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ФЕМИНИЗМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ МАҢЫЗЫ
Description:
Бұл ғылыми мақала Қазақстандағы ислам феминизмінің әлеуметтік, мәдени және рухани қырларын жан-жақты зерттеу-ге арналған.
Зерттеудің өзектілігі қазіргі қазақстандық қоғамда діни сәйкестілік пен гендерлік теңдік мәселелерінің өзара байланы-сын түсінудің маңыздылығымен анықталады.
Мақаланың негізгі мақсаты – қазақстандық мұсылман әйелдердің қазіргі қоғамдағы орны мен рөлін, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кешенді талдау.
Бұл зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі жалпы ғылыми, арнайы және теориялық-методологиялық тәсілдердің кешенді қолданылуына негізделген.
Жалпы ғылыми әдістер ретінде диалектикалық, жүйелік талдау және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылып, олар ислам феминизмінің қазақстандық қоғамдағы даму заңдылықтарын, әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін және қалыптасу кезеңдерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Арнайы әдістер қатарында қолданылған дискурс-талдау және феноменологиялық әдістер ислам феминизмі туралы қоғамдық пікірталастарды зерттеуге және мұсылман әйелдердің діни тәжірибесін терең түсінуге бағытталды.
Мақалада ис-лам феминизмінің теориялық-методологиялық негіздері қарастырылып, оның қазақстандық контекстегі ерекшеліктері анықталды.
Зерттеу ба-рысында ислам феминизмінің қазақ қоғамындағы даму заңдылықтары, оның дәстүрлі діни құндылықтармен үйлесімділігі және заманауи әлеуметтік өзгерістерге әсері жан-жақты талданды.
Мақалада ислам феминизмінің қазақстандық моделі, оның дәстүрлі ислам құндылықтары мен қазіргі заманғы феминистік идеялардың синтезі ретінде қалыптасу ерекшеліктері сипатталады.
Мақалада ұсынылған тұжырымдар мен қорытындылар гендерлік теңдік мәселелерін зерттеуде, әлеуметтік саясатты қалыптастыруда және діни-мәдени зерттеулерде практикалық маңызға ие.

Related Results

МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТҰЖЫРЫМДАРЫ МЫСАЛЫНДА
МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТҰЖЫРЫМДАРЫ МЫСАЛЫНДА
Бұл мақалада отандық ғалымдардың тұжырымдарын ескере отырып, мәдени бірегейлік генезисі және ерекшеліктері теориялық негізде талданды. Мәдени бірегейлікті анықтаудың түрлі тео...
Руханият пен цифр дәуірі: жаңа медиадағы Ясауи бейнесі
Руханият пен цифр дәуірі: жаңа медиадағы Ясауи бейнесі
Цифрлық дәуірде рухани мұраны сақтау және тарату жаңа медианың мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи мұрасының қазіргі цифрлық кеңістіктегі р...
МАУАРАННАҺРДАҒЫ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІСІ
МАУАРАННАҺРДАҒЫ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНІҢ КӨРІНІСІ
Автор бұл мақаласында Мәуереннаһрдегі (яғни Самарқанд, Бұхара, Ферғана, Ташкент, Хиуа, Мерв, Термиздегі) Ислам өркениетінің көрінісіне және оның маңыздылығына назар аударады. Мәуер...
СУЭЦ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ КАНАЛДЫҢ БАТЫС-ШЫҒЫС МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫНДАҒЫ РӨЛІ
СУЭЦ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ КАНАЛДЫҢ БАТЫС-ШЫҒЫС МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫНДАҒЫ РӨЛІ
Мақалада Суэц каналын – ежелгі дүние тарихынан бастау алған идея және ХІХ ғасырдағы жүзеге асырылған ғылыми техникалық прогрестің көрінісі ретінде қарастырамыз. Суэц каналының құры...
ҚАЗАҚ КИНОДИСКУРСЫНДАҒЫ ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМДЕРДІҢ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
ҚАЗАҚ КИНОДИСКУРСЫНДАҒЫ ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМДЕРДІҢ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
Бұл мақалада қазақ кинодискурсындағы прецедентті есімдердің мәдени-танымдық репрезентациясы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі кино мәтінінің ұлттық мәдени кодты, тарихи жадты жә...
COMMUNICATIVE ASPECTS OF THE FOREIGN LANGUAGE TEACHING PROCESS
COMMUNICATIVE ASPECTS OF THE FOREIGN LANGUAGE TEACHING PROCESS
The purpose of the article is devoted to the study of the communicative aspect of the process of foreign language teaching in the educational context in Kazakhstan. It examines the...
ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын және ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі және рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат әдеб...
Адами капитал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты көзі ретінде
Адами капитал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты көзі ретінде
Постмодерндік қоғам дамуының қазіргі кезеңі білім беру, оқыту және адамның жалпымәдениетінің өсіп келе жатқан рөлімен сипатталады. Барлық елдердің экономикаларынзерттеуге сүйене от...

Back to Top