Search engine for discovering works of Art, research articles, and books related to Art and Culture
ShareThis
Javascript must be enabled to continue!

Бекежан Tілегеновтің «Қара жел» романындағы кейіпкерлер тағдырын антропологиялық талдау

View through CrossRef
Қазақ даласындағы ядролық сынақ зардабы ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы біршама көркем әдебиет туындыларына арқау болды. Солардың қатарында белгілі жазушы Б.Тілегеновтің «Қара жел» романын ерекше атауға болады. Біздің зерттеу нысанымыз – «Қара жел» романындағы кейіпкерлер тағдыры. Зерттеудің өзектілігі романдағы кейіпкерлер тағдырына антропологиялық талдау жасау арқылы тоталитарлы саясат пен халық бейнесін тану. Мақаламыздың басты мақсаты – роман кейіпкерлерінің тағдырына антропологиялық талдау жасай отырып, олардың болмыс-бітімінің қалай өзгеріске ұшырағанын, автордың әлеуметтік мәселелерге көзқарасын анықтау. Мақалада алғашқы ядролық сынақтың зардабын тартқан жергілікті халық психологиясындағы өзгерістерді көркем бейнелеудегі тәсілдер зерделенеді. Зерттеуде антропологиялық және герменевтикалық әдістер қолданылды. Герменевтикалық талдау арқылы автордың кейіпкер тағдырына қатысты позициясы, «Киік-қырған» жазығының символикалық мәні қандай деген сауалдарға жауап беріледі. Кейіпкер тағдырына антропологиялық талдау жасау арқылы автор Мөлдір, Арман, Жұман сияқты кейіпкерлер бейнесімен кеңестік үстем саясатқа деген қарсылықты танытса, киік қырғыны арқылы халық тағдырын бейнелегені назарға алынады. Бұл полигонның экологиялық, әлеуметтік-тарихи тұрғыдағы қасіретті салдары романда қалай суреттелгені жүйелі талдаулар арқылы көрсетіледі. Нәтижесінде кейіпкерлер болмысының экзестенциалды өзгеріске ұшырап, атом сынағының жергілікті халыққа әсері қандай болуы мүмкін деген сауалдың жауабы анықталды. Жұмыстың ғылыми маңызы – кейіпкер бейнесіне антропологиялық талдау жасаудың жаңа жолдарын зерделеу мен прозадағы әлеуметтік-тарихи мәсеелерді интерпретациялау. Зерттеу талабына сәйкес ой тұжырымдалып, қорытындылар жасалды.
Institute of Literature and Art named for M. Auezov
Title: Бекежан Tілегеновтің «Қара жел» романындағы кейіпкерлер тағдырын антропологиялық талдау
Description:
Қазақ даласындағы ядролық сынақ зардабы ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы біршама көркем әдебиет туындыларына арқау болды.
Солардың қатарында белгілі жазушы Б.
Тілегеновтің «Қара жел» романын ерекше атауға болады.
Біздің зерттеу нысанымыз – «Қара жел» романындағы кейіпкерлер тағдыры.
Зерттеудің өзектілігі романдағы кейіпкерлер тағдырына антропологиялық талдау жасау арқылы тоталитарлы саясат пен халық бейнесін тану.
Мақаламыздың басты мақсаты – роман кейіпкерлерінің тағдырына антропологиялық талдау жасай отырып, олардың болмыс-бітімінің қалай өзгеріске ұшырағанын, автордың әлеуметтік мәселелерге көзқарасын анықтау.
Мақалада алғашқы ядролық сынақтың зардабын тартқан жергілікті халық психологиясындағы өзгерістерді көркем бейнелеудегі тәсілдер зерделенеді.
Зерттеуде антропологиялық және герменевтикалық әдістер қолданылды.
Герменевтикалық талдау арқылы автордың кейіпкер тағдырына қатысты позициясы, «Киік-қырған» жазығының символикалық мәні қандай деген сауалдарға жауап беріледі.
Кейіпкер тағдырына антропологиялық талдау жасау арқылы автор Мөлдір, Арман, Жұман сияқты кейіпкерлер бейнесімен кеңестік үстем саясатқа деген қарсылықты танытса, киік қырғыны арқылы халық тағдырын бейнелегені назарға алынады.
Бұл полигонның экологиялық, әлеуметтік-тарихи тұрғыдағы қасіретті салдары романда қалай суреттелгені жүйелі талдаулар арқылы көрсетіледі.
Нәтижесінде кейіпкерлер болмысының экзестенциалды өзгеріске ұшырап, атом сынағының жергілікті халыққа әсері қандай болуы мүмкін деген сауалдың жауабы анықталды.
Жұмыстың ғылыми маңызы – кейіпкер бейнесіне антропологиялық талдау жасаудың жаңа жолдарын зерделеу мен прозадағы әлеуметтік-тарихи мәсеелерді интерпретациялау.
Зерттеу талабына сәйкес ой тұжырымдалып, қорытындылар жасалды.

Related Results

ЕАЭО САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ЕАЭО САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Бұл жұмыстың мақсаты 2022-2023 жылдардағы Еуразиялық 4 елдің салық әкімшілігінің макроэкономикалық тұрақтылыққа, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және ЖІӨ-нің нығаюына қосқ...
Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік компаниялардағы көміртекті бейтараптық мүмкіндіктерін басқару
Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік компаниялардағы көміртекті бейтараптық мүмкіндіктерін басқару
Мақалада жаһандық өзгерістер және орнықты даму жолындағы трансформация жағдайындағы Қазақстан ірі өнеркәсіптік компаниялардың стратегисына көміртекті бейтараптықты интеграциялау қа...
CURRENT STATUS OF LABOR MARKET IN ALMATY REGION
CURRENT STATUS OF LABOR MARKET IN ALMATY REGION
Мақалада Алматы облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы қарастырылған. Талдау нәтижесінде өңірдің жалпы еңбек құны индексі, жұмыспен қамтылған халық саны және білім деңгейі бо...
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАП АЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАП АЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жауап алудың тактикасы мен әдістемесі талданды. Зерттеудің мақсаты сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жауап алуды жүзеге асыруда к...
Алмастырылмайтын токендер нарығын талдау
Алмастырылмайтын токендер нарығын талдау
Мақсаты: алмастырылмайтын токендердің (Non-Fungible Token- NFT) қаржылық болашағын түсіну және талдау. Әдісі: Зерттеуде алмастырылмайтын токендердің нарығы мен негізгі ерекшеліктер...
Түркі фольклорындағы «хикая» ұғымын қайта межелеу
Түркі фольклорындағы «хикая» ұғымын қайта межелеу
Мақалада түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетіндегі демонологиялық мазмұндағы прозалық мәтіндердің жанрлық ерекшеліктері мен құрылымдық белгілері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты...
Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау
Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау
Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына тү...
ПЛАТОН ДЕНЕЛЕРІ
ПЛАТОН ДЕНЕЛЕРІ
Мақалада Платон денелерінің симметриялары топ теориясы тұрғысынан қарастырылады. Тетраэдрлік симметрия тобына ерекше назар аударылады. 12 элементтен тұратын топтың құрылымына талда...

Back to Top