Search engine for discovering works of Art, research articles, and books related to Art and Culture
ShareThis
Javascript must be enabled to continue!

Түркі фольклорындағы «хикая» ұғымын қайта межелеу

View through CrossRef
Мақалада түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетіндегі демонологиялық мазмұндағы прозалық мәтіндердің жанрлық ерекшеліктері мен құрылымдық белгілері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – халықтың дәстүрлі наным-сенімі, тарихи жады мен мифтік танымына сүйенген мұндай мәтіндерді дербес жанр ретінде сипаттау және «хикая» ұғымының мазмұндық аясын нақтылау. Материал ретінде «Түркі халықтарының хикаялары» атты жинақтағы үлгілер мен фольклорлық мәтіндер пайдаланылды. Зерттеу барысында этнолинвистикалық, салыстырмалы-типологиялық және сипаттамалы әдістер қолданылды. Демонологиялық әңгімелердің жанрлық белгілері орыс және Батыс Еуропа фольклортануындағы «демонологический рассказ», «быличка», «меморат» ұғымдарымен салыстырыла талданды. Нәтижесінде мұндай мәтіндерге наным-сенімге негізделген кейіпкерлер жүйесі, адам мен өзге әлемнің арақатынасын танытатын оқиға желісі, су, жол, тау, мола, иен дала тәрізді киелі не қауіпті кеңістіктер, тыйымды сақтау немесе бұзу уәжі, оқиғаның шын өмірде болғандай баяндалуы және айтушының куәгерлік ұстанымы тән екені анықталды. Сонымен бірге кейіпкер, мекен және әрекет арасындағы тұрақты байланыс хикаяның ішкі құрылымын ұйымдастыратын негізгі белгілердің бірі екені айқындалды. Жын, пері, шайтан, албасты, жезтырнақ, үббе, бичура, шүрәле сияқты кейіпкерлер осы жанрдың мазмұндық әрі поэтикалық жүйесін қалыптастыратыны көрсетілді. Зерттеу нәтижелері түркі фольклорындағы хикая жанрын және оның жанрлық шекарасын айқындауға мүмкіндік береді.
Title: Түркі фольклорындағы «хикая» ұғымын қайта межелеу
Description:
Мақалада түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетіндегі демонологиялық мазмұндағы прозалық мәтіндердің жанрлық ерекшеліктері мен құрылымдық белгілері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты – халықтың дәстүрлі наным-сенімі, тарихи жады мен мифтік танымына сүйенген мұндай мәтіндерді дербес жанр ретінде сипаттау және «хикая» ұғымының мазмұндық аясын нақтылау.
Материал ретінде «Түркі халықтарының хикаялары» атты жинақтағы үлгілер мен фольклорлық мәтіндер пайдаланылды.
Зерттеу барысында этнолинвистикалық, салыстырмалы-типологиялық және сипаттамалы әдістер қолданылды.
Демонологиялық әңгімелердің жанрлық белгілері орыс және Батыс Еуропа фольклортануындағы «демонологический рассказ», «быличка», «меморат» ұғымдарымен салыстырыла талданды.
Нәтижесінде мұндай мәтіндерге наным-сенімге негізделген кейіпкерлер жүйесі, адам мен өзге әлемнің арақатынасын танытатын оқиға желісі, су, жол, тау, мола, иен дала тәрізді киелі не қауіпті кеңістіктер, тыйымды сақтау немесе бұзу уәжі, оқиғаның шын өмірде болғандай баяндалуы және айтушының куәгерлік ұстанымы тән екені анықталды.
Сонымен бірге кейіпкер, мекен және әрекет арасындағы тұрақты байланыс хикаяның ішкі құрылымын ұйымдастыратын негізгі белгілердің бірі екені айқындалды.
Жын, пері, шайтан, албасты, жезтырнақ, үббе, бичура, шүрәле сияқты кейіпкерлер осы жанрдың мазмұндық әрі поэтикалық жүйесін қалыптастыратыны көрсетілді.
Зерттеу нәтижелері түркі фольклорындағы хикая жанрын және оның жанрлық шекарасын айқындауға мүмкіндік береді.

Related Results

The meaning and origin of the name Saikal in the Turkic language
The meaning and origin of the name Saikal in the Turkic language
ашағына есімі тікелей әсер етеді деген сенім бар. Сол себепті жаңа туған нәрестеге есім таңдау кезінде отбасы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Кісі есімдері арқылы халық мә...
МЫСЫРДАҒЫ МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ БИЛІГІНІҢ ИСЛАМИ ЗАҢДАСТЫРЫЛУЫ
МЫСЫРДАҒЫ МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ БИЛІГІНІҢ ИСЛАМИ ЗАҢДАСТЫРЫЛУЫ
Байбарыс сұлтан бастаған мәмлүктер өздерінің билігін заңдастыру үшін дінді саяси мақсатқа пайдаланды. Олар әскери емес саланы жергілікті дін адамдарының басқаруына бере отырып, бед...
РАЗГРАНИЧЕНИЕ СЕВЕРНОЙ И СЕВЕРО-ВОСТОЧНОЙ ГРАНИЦЫ КАЗАХСКОЙ(КЫРГЫЗСКОЙ) АССР В 1917-1922 гг.
РАЗГРАНИЧЕНИЕ СЕВЕРНОЙ И СЕВЕРО-ВОСТОЧНОЙ ГРАНИЦЫ КАЗАХСКОЙ(КЫРГЫЗСКОЙ) АССР В 1917-1922 гг.
Қазақ(қырғыз) АКСР-нің Сібірмен шекарасы 1920 жылдардың басында күрделі саяси және экономикалық жағдайда құрылды. Сол жылдарда Қазақстанға өзінің территориалды тұтастығын қалпыну к...
Түркі сопылық дәстүріндегі Ясауилік: тарихи даму және идеялық құрылым
Түркі сопылық дәстүріндегі Ясауилік: тарихи даму және идеялық құрылым
Қожа Ахмет Ясауи – түркі сопылық ілімінің негізін қалаған көрнекті ойшыл, ақын және рухани ұстаз. Оның өміріне қатысты нақты деректердің бірі – 1166 жылы қайтыс болғаны. Бізге жетк...
ТАФСИРЛАРДАГИ УСЛУБЛАР ВА УЛАРДАГИ ТУРЛИЛИК САБАБЛАРИ
ТАФСИРЛАРДАГИ УСЛУБЛАР ВА УЛАРДАГИ ТУРЛИЛИК САБАБЛАРИ
Асрлар оша кўплаб тадқиқотчи ва олимларни тафсирлар билан бир қаторда уларнинг турлари ҳам қизиқтириб келган. Шу нуқтаи назардан тафсир турлари, уларнинг фарқли ва ўхшаш томонлари ...
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
Мақалада стиль құбылысы ғылыми проблематика ретінде қарастырылған. Бұл мәселе бойынша жазылған еңбектердегі ғылыми идеяларды және тұжырымдарды салыстыру барысында стиль құбылысының...
«ТІЛ КӨРНЕКІЛІГІ» – ӨЗГЕШЕ ТАНЫМ ӘЛЕМІ (А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде)
«ТІЛ КӨРНЕКІЛІГІ» – ӨЗГЕШЕ ТАНЫМ ӘЛЕМІ (А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде)
А. Байтұрсынұлы тіл ғылымында алғашқылар қатарында экстралингвистикалық талдаулар тізбегін жасады. Тілші «сана-саңлауы» ұғымын пайдалана отырып, танымдық бірліктің тілдік зерттеуде...
Көркем Шындық Және Тарихилық Ұғымдарының Теориялық Негіздері
Көркем Шындық Және Тарихилық Ұғымдарының Теориялық Негіздері
Мақалада әдебиеттанудағы өзекті мәселелердің бірі көркем шындық пен тарихилық ұғымдарының арақатынасы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – көркем мәтіндегі тарихи шындықтың ...

Back to Top