Javascript must be enabled to continue!
«ТІЛ КӨРНЕКІЛІГІ» – ӨЗГЕШЕ ТАНЫМ ӘЛЕМІ (А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде)
View through CrossRef
А. Байтұрсынұлы тіл ғылымында алғашқылар қатарында экстралингвистикалық талдаулар тізбегін жасады. Тілші «сана-саңлауы» ұғымын пайдалана отырып, танымдық бірліктің тілдік зерттеуде атқарар қызметін, өзіндік орнын айқындауға тырысты. Сөз мағынасының ауысып қолдануын, сол арқылы ой көркемдігінің жүзеге асуын дәйектеген А. Байтұрсынұлы «қиял байлығына қарайтын» көркем сөзде орын алатын көріктеу, меңзеу, әсерлеу формаларын танымдық қабылдаудың, зейін мен зерденің дерек көзіне айналдыра сипаттады. Зерттеуші тілдік фактілерді сұрыптай келе, кез келген лингвистикалық еңбектің бір ғана тіл негіздеріне сүйене жазылмайтындығын ескерте отырып, тіл ғылымындағы салыстырмалы зерттеулердің маңызын атап көрсетті. Адамға тән екі ғаламның сабақтастығын дәлелдеу мақсатында оның психологиялық эмоционалды көңіл-күйін қияли танымның, ойлы сезімнің өзегіне айналдыра сипаттау арқылы тілші олардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады деп қорытындылады. Ғалымның пайымдауынша адам әсерлер жігін тек лепті, әсерлі, көрнекті, сәнді, тіл арқылы ғана баяндап жеткізе алады, яғни кез келген құбылысқа өз қарым-қатынасын білдіру мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде тіл мен ойлау байланысынан туындайтын психологиялық реңктер тілтанымдық фактілердің қабылдану өзгешелігін дәйектейтін болғандықтан, адам дүниеге әкелген сөз үлгілері де, олардың функционалдысемантикалық өзгешеліктері де танымдық процестің салдарын айқындады. Анығырақ айтқанда, «шешен сөз», «толғау» сияқты әдеби шығармалар адам-дүние-тіл ұғымдарының «зор іліккен» байланысын уәждейтін психологиялық таным тұрғысынан сұрыпталды. Танымдық зерттеулердің пәнаралық негізін дәйектейтін факторлардың бірі – когнитологияда пәлсапалық әдістердің қолданыс табуы, диалектика ұстанымдарының таным процесінде жүзеге асуы. Адамтанудың басты қағидаларын сұрыптаған аталмыш ғылым саласы алғашқы философиялық ой-пікірлердің тізбегін ұсына отырып, қоршаған әлем мен құбылыстар туралы, олардың адам дамуына әсері мен өзара сабақтастығы хақында құнды деректердің дүниеге келуіне себепкер болды. Олардың қатарында адамның объективті дүниені тануы, оны ой елегінен өткізуі, қабылдаған мәліметтерді саралауы, сол арқылы болмыс пен шындықтың, табиғат пен қоғамның өзгешеліктерін түсіндіруі секілді проблемалар да зерттеу нысанын құра бастағандықтан, А. Байтұрсынұлы тіл табиғатын анықтау, оның адамзат өмірінде атқарар қызметін жүйелеу, сөз өнерінің танымдық үрдістерін саралау, сол арқылы тілдік құралдардың ғаламдық құбылыстармен сабақтастығын танып-білу негіздерін сұрыптау мақсатын көздеді.
Title: «ТІЛ КӨРНЕКІЛІГІ» – ӨЗГЕШЕ ТАНЫМ ӘЛЕМІ (А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде)
Description:
А.
Байтұрсынұлы тіл ғылымында алғашқылар қатарында экстралингвистикалық талдаулар тізбегін жасады.
Тілші «сана-саңлауы» ұғымын пайдалана отырып, танымдық бірліктің тілдік зерттеуде атқарар қызметін, өзіндік орнын айқындауға тырысты.
Сөз мағынасының ауысып қолдануын, сол арқылы ой көркемдігінің жүзеге асуын дәйектеген А.
Байтұрсынұлы «қиял байлығына қарайтын» көркем сөзде орын алатын көріктеу, меңзеу, әсерлеу формаларын танымдық қабылдаудың, зейін мен зерденің дерек көзіне айналдыра сипаттады.
Зерттеуші тілдік фактілерді сұрыптай келе, кез келген лингвистикалық еңбектің бір ғана тіл негіздеріне сүйене жазылмайтындығын ескерте отырып, тіл ғылымындағы салыстырмалы зерттеулердің маңызын атап көрсетті.
Адамға тән екі ғаламның сабақтастығын дәлелдеу мақсатында оның психологиялық эмоционалды көңіл-күйін қияли танымның, ойлы сезімнің өзегіне айналдыра сипаттау арқылы тілші олардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады деп қорытындылады.
Ғалымның пайымдауынша адам әсерлер жігін тек лепті, әсерлі, көрнекті, сәнді, тіл арқылы ғана баяндап жеткізе алады, яғни кез келген құбылысқа өз қарым-қатынасын білдіру мүмкіндігіне ие болады.
Нәтижесінде тіл мен ойлау байланысынан туындайтын психологиялық реңктер тілтанымдық фактілердің қабылдану өзгешелігін дәйектейтін болғандықтан, адам дүниеге әкелген сөз үлгілері де, олардың функционалдысемантикалық өзгешеліктері де танымдық процестің салдарын айқындады.
Анығырақ айтқанда, «шешен сөз», «толғау» сияқты әдеби шығармалар адам-дүние-тіл ұғымдарының «зор іліккен» байланысын уәждейтін психологиялық таным тұрғысынан сұрыпталды.
Танымдық зерттеулердің пәнаралық негізін дәйектейтін факторлардың бірі – когнитологияда пәлсапалық әдістердің қолданыс табуы, диалектика ұстанымдарының таным процесінде жүзеге асуы.
Адамтанудың басты қағидаларын сұрыптаған аталмыш ғылым саласы алғашқы философиялық ой-пікірлердің тізбегін ұсына отырып, қоршаған әлем мен құбылыстар туралы, олардың адам дамуына әсері мен өзара сабақтастығы хақында құнды деректердің дүниеге келуіне себепкер болды.
Олардың қатарында адамның объективті дүниені тануы, оны ой елегінен өткізуі, қабылдаған мәліметтерді саралауы, сол арқылы болмыс пен шындықтың, табиғат пен қоғамның өзгешеліктерін түсіндіруі секілді проблемалар да зерттеу нысанын құра бастағандықтан, А.
Байтұрсынұлы тіл табиғатын анықтау, оның адамзат өмірінде атқарар қызметін жүйелеу, сөз өнерінің танымдық үрдістерін саралау, сол арқылы тілдік құралдардың ғаламдық құбылыстармен сабақтастығын танып-білу негіздерін сұрыптау мақсатын көздеді.
Related Results
ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВТІҢ ФОЛЬКЛОРТАНУДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕРІ
ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВТІҢ ФОЛЬКЛОРТАНУДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕРІ
"Бұл мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының үш саласын (әдебиет теориясы, тарихы мен сынын) дамытуға өзіндік үлес қосқан академик Қажым Жұмалиевтің фольклортану саласындағы ізденісте...
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
Мақалада стиль құбылысы ғылыми проблематика ретінде қарастырылған. Бұл мәселе бойынша жазылған еңбектердегі ғылыми идеяларды және тұжырымдарды салыстыру барысында стиль құбылысының...
Development graphic shell for the program calculations of physical properties of solids
Development graphic shell for the program calculations of physical properties of solids
The purpose of this study is development of graphic shell for the program calculations of physical properties of solids. Objectives of study: to analyze software for the calculatio...
Қазақ тілді жасанды интеллекттегі лингвистикалық өзгерістер
Қазақ тілді жасанды интеллекттегі лингвистикалық өзгерістер
Заманауи дәуірде адам баласының тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі жасанды интелект тілі арқылы дамуы әлемде қарқынды даму үрдісін бастан кешіп жатыр. «Жасанды интеллект» терминні...
ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ
ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ
"Бұл мақалада қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың түрлері талданған. Тіл үйретуде алдағы қатардағы озық әдіскерлердің еңбектеріне шолу жасалған. Тіл дамытуға бағытталған грамм...
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНОНИМДЕРІН ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНОНИМДЕРІН ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Мақала синонимдерді кешенді талдаудың құрамдас бөлігі –психолингвистикалық тәсілдің тиімділігін дәлелдеуге арналған. Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығын дамыту арқылы тілд...
Интернет лингвистикадағы тілдік норма
Интернет лингвистикадағы тілдік норма
"Мақалада бүгінде аса сөз етіле бермейтін, қазіргі қазақ тіл білімінде басты назардан тыс қалып бара жатқан тілдік норма мәселесі қозғалған. Мақала авторы жалпы интернет лингвистик...
ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ПОЭТИКА
ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ПОЭТИКА
Мақалада қазіргі қазақ әңгімесіндегі тарихи поэтика мәселесі қарастырылады. Жазушы Айгүл Кемелбаеваның «Көкенай мен Қалқаман», «Ереймен мен Ақынай» әңгімелерінде әдебиеттанудағы об...

