Javascript must be enabled to continue!
ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВТІҢ ФОЛЬКЛОРТАНУДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕРІ
View through CrossRef
"Бұл мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының үш саласын (әдебиет теориясы, тарихы мен сынын) дамытуға өзіндік үлес қосқан академик Қажым Жұмалиевтің фольклортану саласындағы ізденістерін саралауға талпындық. Қажым Жұмалиев өткен ғасырдың қырқыншы жылдары-ақ ғылыми-педагогикалық қызмет жолында көрнекті қаламгер, зерделі ғалым және ұлағатты ұстаз ретінде танылады. Академик Қ. Жұмалиев Махамбеттану негізін салып, Абай поэзиясының тілін зерделеп, ХVIII–ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын тереңірек зерттеп, ұлттық фольклортану ілімін ғылыми негізде қалыптастыруға атсалысады. Саналы ғұмырын сөз өнерін зерттеуге арнаған ғалым артында мол ғылыми мұра қалдырады. Жазылымда әдебиеттанушы ғалым Қ. Жұмалиевтің қазақ фольклортану ғылымына қатысты ой-толғамдары жинақталған және ауыз әдебиетінің парадигмалық сипатын ашатын зерттеу еңбектеріне шолу жасадық. Ғалым Қ. Жұмалиев ХХ ғасырдың 40 жылдары С. Сейфуллин, М. Әуезов пен С. Мұқановтардың фольклорлық мұралар туралы зерттеу еңбектерінен кейін халық шығармашылығын мектеп оқулықтары аясында зерттеп, осы оқулықтар негізінде фольклортанушылық сындарлы ойларын ортаға салады. Қ. Жұмалиевтің тікелей фольклористика ғылымына қатысты зерттеу еңбектері: 1941 жылы жарық көрген орта мектептің сегізінші класына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» атты монографиясы, «Әдебиет теориясы» оқу құралы, Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы, Абай поэзиясы, ХІХ ғасыр ақын-жырауларының шығармашылығы туралы ғылыми мақалаларында ішінара фольклортанушылық ой-тұжырымдары айтылады. Жоғарыда айтылған зерттеулерінде ғалым Қ. Жұмалиев қазақ фольклористикасының барлық жанрларына ғылыми түсініктеме беріп, поэзиялық және прозалық жанрларды іштей жіктеп, айтыс, шешендік сөздер туралы ғылыми талдау жүргізеді. Асылы, академик Қ. Жұмалиев қазақ фольклортанушылары арасында эпостың жанрлық сипаттарына ерекше көңіл бөлді. Ол эпостың генезисіне, табиғатына және негізгі сипаттарына қатысты дәйекті тұжырымдар берген және батырлық эпостар нұсқаларын салыстыра отырып, нақты талдаулар жүргізген зерттеуші болды. Академик Қажым Жұмалиевтің фольклортанудағы қажырлы ізденістер нәтижесінде келесідей ғылыми ілгерілеуге қол жеткізді: мектеп оқулығын жазу арқылы төл фольклор жанрларының тегі мен табиғатын ашты, эпостар, оның типологиясы мен ерекшеліктерін зерделеді, әдебиет теориясы аясында фольклорлық поэзия мен прозаның көркемдік ерекшелігі, тіл бейнелігі, образдар жүйесін айқындады, фольклор мен әдебиеттегі дәстүр жалғастығы және сабақтастық мәселелерін тереңірек зерттеді. Кілтті сөздер: әдебиеттану ғылымы, фольклортанушы ғалым, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, эпос, батырлар жыры, фольклорлық мұра. "
Title: ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВТІҢ ФОЛЬКЛОРТАНУДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕРІ
Description:
"Бұл мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының үш саласын (әдебиет теориясы, тарихы мен сынын) дамытуға өзіндік үлес қосқан академик Қажым Жұмалиевтің фольклортану саласындағы ізденістерін саралауға талпындық.
Қажым Жұмалиев өткен ғасырдың қырқыншы жылдары-ақ ғылыми-педагогикалық қызмет жолында көрнекті қаламгер, зерделі ғалым және ұлағатты ұстаз ретінде танылады.
Академик Қ.
Жұмалиев Махамбеттану негізін салып, Абай поэзиясының тілін зерделеп, ХVIII–ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын тереңірек зерттеп, ұлттық фольклортану ілімін ғылыми негізде қалыптастыруға атсалысады.
Саналы ғұмырын сөз өнерін зерттеуге арнаған ғалым артында мол ғылыми мұра қалдырады.
Жазылымда әдебиеттанушы ғалым Қ.
Жұмалиевтің қазақ фольклортану ғылымына қатысты ой-толғамдары жинақталған және ауыз әдебиетінің парадигмалық сипатын ашатын зерттеу еңбектеріне шолу жасадық.
Ғалым Қ.
Жұмалиев ХХ ғасырдың 40 жылдары С.
Сейфуллин, М.
Әуезов пен С.
Мұқановтардың фольклорлық мұралар туралы зерттеу еңбектерінен кейін халық шығармашылығын мектеп оқулықтары аясында зерттеп, осы оқулықтар негізінде фольклортанушылық сындарлы ойларын ортаға салады.
Қ.
Жұмалиевтің тікелей фольклористика ғылымына қатысты зерттеу еңбектері: 1941 жылы жарық көрген орта мектептің сегізінші класына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» атты монографиясы, «Әдебиет теориясы» оқу құралы, Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы, Абай поэзиясы, ХІХ ғасыр ақын-жырауларының шығармашылығы туралы ғылыми мақалаларында ішінара фольклортанушылық ой-тұжырымдары айтылады.
Жоғарыда айтылған зерттеулерінде ғалым Қ.
Жұмалиев қазақ фольклористикасының барлық жанрларына ғылыми түсініктеме беріп, поэзиялық және прозалық жанрларды іштей жіктеп, айтыс, шешендік сөздер туралы ғылыми талдау жүргізеді.
Асылы, академик Қ.
Жұмалиев қазақ фольклортанушылары арасында эпостың жанрлық сипаттарына ерекше көңіл бөлді.
Ол эпостың генезисіне, табиғатына және негізгі сипаттарына қатысты дәйекті тұжырымдар берген және батырлық эпостар нұсқаларын салыстыра отырып, нақты талдаулар жүргізген зерттеуші болды.
Академик Қажым Жұмалиевтің фольклортанудағы қажырлы ізденістер нәтижесінде келесідей ғылыми ілгерілеуге қол жеткізді: мектеп оқулығын жазу арқылы төл фольклор жанрларының тегі мен табиғатын ашты, эпостар, оның типологиясы мен ерекшеліктерін зерделеді, әдебиет теориясы аясында фольклорлық поэзия мен прозаның көркемдік ерекшелігі, тіл бейнелігі, образдар жүйесін айқындады, фольклор мен әдебиеттегі дәстүр жалғастығы және сабақтастық мәселелерін тереңірек зерттеді.
Кілтті сөздер: әдебиеттану ғылымы, фольклортанушы ғалым, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, эпос, батырлар жыры, фольклорлық мұра.
".

