Search engine for discovering works of Art, research articles, and books related to Art and Culture
ShareThis
Javascript must be enabled to continue!

Вербалды экстремистік материалдардың лингвистикалық сараптамасы

View through CrossRef
Вербалды экстремизм бойынша лингвистикалық сараптаманың теориялық және практикалық негіздеріне байланысты зерттеулер түрлі елдердегі жағымсыз саяси жағдайлардың алдын алу, мемлекеттік қауіпсіздік мәселелері шешімінде сұранысқа ие. Сондықтан массмедиа құралдары арқылы көпшілікке таралатын экстремистік сипаттағы конфликтогенді жарияланымдарды тілдік өнім ретінде зерттеу юрислингвистика,  лингвоэкспертология  сияқты ғылым салаларын дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекет қауіпсіздігі деңгейінде де өзекті болып табылады. Соған байланысты мақалада жалпы экстремизм түсінігі және вербалды экстремизмнің тілдік өнім ретіндегі белгілері, вербалды экстремистік даулы материалдар бойынша сот істерінде лингвист-сарапшының біліктілік құзыретіне енетін сұрақтар қарастырылады. Тіл және құқық салаларының тоғысында табылатын вербалды экстремизм терминінің мәнісі Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қылмыстық кодекстің сәйкес баптары негізінде талданылады. Саяси ұйымдар, идеологиялық және діни бірлестіктер немесе діни сенім-нанымдар, ұлттық немесе діни салттарға байланысты сыни мәлімдемелер я конфликтогенді жарияланымдар мен вербалды экстремизм ұғымдарының өзара айырмашылықтары жүйеленеді. Сондай-ақ вербалды экстремизм және өшпенділік тілі ұғымдарын өзара саралауға байланысты зерттеу нәтижесі  сот ісіндегі вербалды экстремизм бойынша даулы материалдың лингвистикалық сараптамасының объективті шешіміне оң ықпал етеді. Түйін сөздер: вербалды экстремизм, өшпенділік тілі, лингвистикалық экспертиза, агрессивті әрекеттерге шақыру, агрессивті әрекеттерді ақтау, иллокутивті акт.
Title: Вербалды экстремистік материалдардың лингвистикалық сараптамасы
Description:
Вербалды экстремизм бойынша лингвистикалық сараптаманың теориялық және практикалық негіздеріне байланысты зерттеулер түрлі елдердегі жағымсыз саяси жағдайлардың алдын алу, мемлекеттік қауіпсіздік мәселелері шешімінде сұранысқа ие.
Сондықтан массмедиа құралдары арқылы көпшілікке таралатын экстремистік сипаттағы конфликтогенді жарияланымдарды тілдік өнім ретінде зерттеу юрислингвистика,  лингвоэкспертология  сияқты ғылым салаларын дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекет қауіпсіздігі деңгейінде де өзекті болып табылады.
Соған байланысты мақалада жалпы экстремизм түсінігі және вербалды экстремизмнің тілдік өнім ретіндегі белгілері, вербалды экстремистік даулы материалдар бойынша сот істерінде лингвист-сарапшының біліктілік құзыретіне енетін сұрақтар қарастырылады.
Тіл және құқық салаларының тоғысында табылатын вербалды экстремизм терминінің мәнісі Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қылмыстық кодекстің сәйкес баптары негізінде талданылады.
Саяси ұйымдар, идеологиялық және діни бірлестіктер немесе діни сенім-нанымдар, ұлттық немесе діни салттарға байланысты сыни мәлімдемелер я конфликтогенді жарияланымдар мен вербалды экстремизм ұғымдарының өзара айырмашылықтары жүйеленеді.
Сондай-ақ вербалды экстремизм және өшпенділік тілі ұғымдарын өзара саралауға байланысты зерттеу нәтижесі  сот ісіндегі вербалды экстремизм бойынша даулы материалдың лингвистикалық сараптамасының объективті шешіміне оң ықпал етеді.
Түйін сөздер: вербалды экстремизм, өшпенділік тілі, лингвистикалық экспертиза, агрессивті әрекеттерге шақыру, агрессивті әрекеттерді ақтау, иллокутивті акт.

Related Results

Қазақ тілді жасанды интеллекттегі лингвистикалық өзгерістер
Қазақ тілді жасанды интеллекттегі лингвистикалық өзгерістер
Заманауи дәуірде адам баласының тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі жасанды интелект тілі арқылы дамуы әлемде қарқынды даму үрдісін бастан кешіп жатыр. «Жасанды интеллект» терминні...
АЛЮМИНИЙ ТОТЫҒЫ БАР КОМПОЗИТТІК НАНОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРАМЫН ӨЗГЕРТУ
АЛЮМИНИЙ ТОТЫҒЫ БАР КОМПОЗИТТІК НАНОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРАМЫН ӨЗГЕРТУ
Алюминиевые гибридті композиттері алдыңғы қатарлы инженерлик металл матрицалық композиттерінің жаңа буйнын құрайды. Бұл механические қасиеттерді жақсарту, дестүрлі өңдеу технологии...
Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау
Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау
Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына тү...
УРАН (VI) ИОНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ СОРБЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
УРАН (VI) ИОНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ СОРБЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Қазіргі таңда  экологиялық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелердің бірі жер үсті және жер асты суларын ауыр металдар мен радионуклидтердің ластануынан қорғау болып табылады, ол...

Back to Top