Javascript must be enabled to continue!
Кәсіпорынның тұрақты дамуындағы мәселелері
View through CrossRef
Мақсаты: Бүгінгі таңда компанияның бизнес-моделін құруда, оның әрі қарай серпінді дамуына көптеген факторлар әсер ететіні сөзсіз. Компаниялар қаржылық есептілікпен қатар қаржылық емес ақпаратты да мүмкіндігінше ұсынуға тырысады. Қаржылық емес ақпарат интеграцияланған есептілікте көрініс табады. Интеграцияланған есептіліктің құрамдас бөлігі ретінде танылатын кәсіпорынның тұрақты даму бойынша есептілігін құру маңызды. Есептілік көрсеткіштері компанияның тұрақты дамуындағы мәселелерді айқындайды. Мақалада экономиканың қазіргі жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты дамуындағы кездесетін мәселелер қатарын белгілей отырып, тығырықтан шығу жолдарын көрсете келе, сыртқы ортаның тұрақсыздығы жағдайында қолданылатын шаралар жолдары зерттелген.Әдісі: Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қатары іздестіріліп, оларды тәжірибеде ұтымды қолдану жолдары қарастырылған. Тұрақты дамуға әсер ететін бірнеше факторлар да суреттелген, олардың әрқайсысы зерделенген.Қорытынды: Компанияның тұрақты даму мәселелерінің бірі ретінде тұрақтылықты басқаруды алға тартуда кездесетін мәселелер назардан тыс қалмаған. Ол компания басшылығының қызметіне немқұрайлылығы мен тиімсіз шешімдер қабылдауындағы, жеткіліксіз мөлшерде жетекшілік етуінің салдарынан да туындауы жайлы баяндалған. Сонымен қатар, шетелдік авторлардың көзқарастарына шолу жасалып, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ұтымды жолдары көрсетілген.Тұжырымдама: Тұрақты даму туралы есептілікті құратын кәсіпорындардың тәжірибесі елімізде нақты әрекет етуші көшбасшылық танытқан ірі кәсіпорындардың көрсеткіштері сараланып, талдаудың нәтижесі айқындалған. Олар бойынша кәсіпорын өзінің тұрақты дамуында қызметкерлердің қалыпты өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт беру керектігі бекітіле отырып, ол үшін компания қоршаған ортаның сапасын жақсарту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты аспектілерге көңіл бөлінетіні айдан анық. Сонымен қатар, қоршаған орта, табиғи ортаны сақтау кәсіпорынның тұрақты даму үрдісінің ең маңызды орын алар көрсеткіштерінің біріне айналған және әлеуметтік саланың әділ дамуы мен экологиялық тұрғыда қауіпсіздік қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз ету басты міндеті деуге болады.
Karagandy University of the name of academician E.A. Buketov
Title: Кәсіпорынның тұрақты дамуындағы мәселелері
Description:
Мақсаты: Бүгінгі таңда компанияның бизнес-моделін құруда, оның әрі қарай серпінді дамуына көптеген факторлар әсер ететіні сөзсіз.
Компаниялар қаржылық есептілікпен қатар қаржылық емес ақпаратты да мүмкіндігінше ұсынуға тырысады.
Қаржылық емес ақпарат интеграцияланған есептілікте көрініс табады.
Интеграцияланған есептіліктің құрамдас бөлігі ретінде танылатын кәсіпорынның тұрақты даму бойынша есептілігін құру маңызды.
Есептілік көрсеткіштері компанияның тұрақты дамуындағы мәселелерді айқындайды.
Мақалада экономиканың қазіргі жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты дамуындағы кездесетін мәселелер қатарын белгілей отырып, тығырықтан шығу жолдарын көрсете келе, сыртқы ортаның тұрақсыздығы жағдайында қолданылатын шаралар жолдары зерттелген.
Әдісі: Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қатары іздестіріліп, оларды тәжірибеде ұтымды қолдану жолдары қарастырылған.
Тұрақты дамуға әсер ететін бірнеше факторлар да суреттелген, олардың әрқайсысы зерделенген.
Қорытынды: Компанияның тұрақты даму мәселелерінің бірі ретінде тұрақтылықты басқаруды алға тартуда кездесетін мәселелер назардан тыс қалмаған.
Ол компания басшылығының қызметіне немқұрайлылығы мен тиімсіз шешімдер қабылдауындағы, жеткіліксіз мөлшерде жетекшілік етуінің салдарынан да туындауы жайлы баяндалған.
Сонымен қатар, шетелдік авторлардың көзқарастарына шолу жасалып, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ұтымды жолдары көрсетілген.
Тұжырымдама: Тұрақты даму туралы есептілікті құратын кәсіпорындардың тәжірибесі елімізде нақты әрекет етуші көшбасшылық танытқан ірі кәсіпорындардың көрсеткіштері сараланып, талдаудың нәтижесі айқындалған.
Олар бойынша кәсіпорын өзінің тұрақты дамуында қызметкерлердің қалыпты өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт беру керектігі бекітіле отырып, ол үшін компания қоршаған ортаның сапасын жақсарту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты аспектілерге көңіл бөлінетіні айдан анық.
Сонымен қатар, қоршаған орта, табиғи ортаны сақтау кәсіпорынның тұрақты даму үрдісінің ең маңызды орын алар көрсеткіштерінің біріне айналған және әлеуметтік саланың әділ дамуы мен экологиялық тұрғыда қауіпсіздік қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз ету басты міндеті деуге болады.
Related Results
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНОНИМДЕРІН ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНОНИМДЕРІН ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Мақала синонимдерді кешенді талдаудың құрамдас бөлігі –психолингвистикалық тәсілдің тиімділігін дәлелдеуге арналған. Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығын дамыту арқылы тілд...
ARTIFICIAL INTELLIGENCE IN EDUCATION AS A WAY TO CONSTRUCT EDUCATIONAL CONTENT: BIBLIOMETRIC ANALYSIS
ARTIFICIAL INTELLIGENCE IN EDUCATION AS A WAY TO CONSTRUCT EDUCATIONAL CONTENT: BIBLIOMETRIC ANALYSIS
This study presents a comprehensive bibliometric analysis of international scientific publications devoted to the application of artificial intelligence (AI) in the development and...
Адами капитал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты көзі ретінде
Адами капитал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты көзі ретінде
Постмодерндік қоғам дамуының қазіргі кезеңі білім беру, оқыту және адамның жалпымәдениетінің өсіп келе жатқан рөлімен сипатталады. Барлық елдердің экономикаларынзерттеуге сүйене от...
ТӘЛІМГЕРЛІК – ҮЗДІКСІЗ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
ТӘЛІМГЕРЛІК – ҮЗДІКСІЗ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
Үздіксіз кәсіптік білім беру – адам факторын, экономиканың негізгі салаларындамытуға негізделген. Үздіксіз кәсіптік білім беру мен тәлімгерлікті жетілдіру жахандану кезінде жеке ма...
ЖАНРЛЫҚ ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК / GENRE TRADITIONS AND NATIONAL CHARACTERISTICS
ЖАНРЛЫҚ ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК / GENRE TRADITIONS AND NATIONAL CHARACTERISTICS
Мақалада қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселенің бірі болып келе жатқан жанр мәселесі қозғалады. Әдеби байланыс пен көркемдік ізденіс туралы айтылғанда жалпы ұлттық әдебиеті...
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ СЫЙЫМДЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ СЫЙЫМДЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Мақалада қазіргі кездегі ғылыми сыйымды экономиканың еліміздегі әлеуетінің деңгейі бағаланған. Ғылыми сыйымды экономика ұғымы зерделенген және нақтыланған. Қазақстанның тұрақты эко...
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ТАРИХЫ
"Туризм – әлемдегі экономикалық дағдарыстарға қарамастан, жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Қазақстан үшін туризм, елдегі жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін ...
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Мақалада «президенттік институт» ұғымы туралы теориялық ақпарат берілген, оның аналогы заң ғылымында жиі қолданылатын «президент институты» келтірілген. Екі ұғым д...

