Javascript must be enabled to continue!
ЖОО-ДА ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУДА САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
View through CrossRef
Мақалада профессор Халел Досмұхамедовтың өмірі мен шығармашылығы қарастырылып, оны заманауи цифрлық технологиялар арқылы оқырмандарға қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар баяндалады. Жасанды интеллект пен цифрландырудың қарқынды дамуы кезеңінде Халел Досмұхамедовтың мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізу және олардың білім беру жүйесінде тиімді қолданылуы аса маңызды орын алады. Мақалада қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі, өз заманының көрнекті қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы, медицина және жаратылыстану ғылымдарын зерттеушісі, әмбебап ғалым Х.Досмұхамедовтың мұраларын оқыту және насихаттау арқылы студенттердің бойында отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру қарастырылған.
Зерттеу барысында сауалнама, тест, математикалық-статистикалық сынды зерттеу әдістер қолданылды. Халел Досмұхамедовтың өмірі мен қоғамдық-қайраткерлік және ғылыми қызметін таныту үшін үш тілде электронды кітаптар («Оқушының саулығын сақтау», «Как бороться с чумой среди киргизских населении», «Аламан») мен «Халел әлемі» атты онлайн-энциклопедия (веб-сайт) әзірленді. Онлайн-энциклопедия арқылы оқырмандар профессор Халел Досмұхамедұлының өмірі, қызметі және шығармашылығымен толық таныса алады. Сонымен қатар, онда ғалымның еңбектері мен басқа зерттеушілердің мақалалары қолжетімді. Веб-сайттың құрылымы бірнеше бөлімнен тұрады: басты бет, өмірі мен шығармашылығы, Халелтану сынды негізгі бөлімдерге бөлінген. Әр бөлім өз ішінде бірнеше тақырыптарға жіктеледі. Өмірі мен шығармашылығы бөлімінде ғалымның өмірбаяны, шығармашылық мұрасы, еңбектері туралы ақпараттар орналастырылған. Халелтану бөлімінде мақалалар, жаңалықтар, фотогаллерия және Халел туралы естеліктер бар. Сауалнаманың нәтижелерінде цифрлық технологияны пайдалану арқылы тұлғатану курстарын оқыту студенттердің қызығушылығын, білім сапасының артуын және оның тиімділігін көрсетті.
Kh.Dosmukhamedov Atyrau University
Title: ЖОО-ДА ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУДА САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Description:
Мақалада профессор Халел Досмұхамедовтың өмірі мен шығармашылығы қарастырылып, оны заманауи цифрлық технологиялар арқылы оқырмандарға қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар баяндалады.
Жасанды интеллект пен цифрландырудың қарқынды дамуы кезеңінде Халел Досмұхамедовтың мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізу және олардың білім беру жүйесінде тиімді қолданылуы аса маңызды орын алады.
Мақалада қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі, өз заманының көрнекті қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы, медицина және жаратылыстану ғылымдарын зерттеушісі, әмбебап ғалым Х.
Досмұхамедовтың мұраларын оқыту және насихаттау арқылы студенттердің бойында отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру қарастырылған.
Зерттеу барысында сауалнама, тест, математикалық-статистикалық сынды зерттеу әдістер қолданылды.
Халел Досмұхамедовтың өмірі мен қоғамдық-қайраткерлік және ғылыми қызметін таныту үшін үш тілде электронды кітаптар («Оқушының саулығын сақтау», «Как бороться с чумой среди киргизских населении», «Аламан») мен «Халел әлемі» атты онлайн-энциклопедия (веб-сайт) әзірленді.
Онлайн-энциклопедия арқылы оқырмандар профессор Халел Досмұхамедұлының өмірі, қызметі және шығармашылығымен толық таныса алады.
Сонымен қатар, онда ғалымның еңбектері мен басқа зерттеушілердің мақалалары қолжетімді.
Веб-сайттың құрылымы бірнеше бөлімнен тұрады: басты бет, өмірі мен шығармашылығы, Халелтану сынды негізгі бөлімдерге бөлінген.
Әр бөлім өз ішінде бірнеше тақырыптарға жіктеледі.
Өмірі мен шығармашылығы бөлімінде ғалымның өмірбаяны, шығармашылық мұрасы, еңбектері туралы ақпараттар орналастырылған.
Халелтану бөлімінде мақалалар, жаңалықтар, фотогаллерия және Халел туралы естеліктер бар.
Сауалнаманың нәтижелерінде цифрлық технологияны пайдалану арқылы тұлғатану курстарын оқыту студенттердің қызығушылығын, білім сапасының артуын және оның тиімділігін көрсетті.
Related Results
ТОППЕН ОҚЫТУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ТОППЕН ОҚЫТУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
"Мақалада топпен оқыту әдісін дұрыс әрі тиімді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері ашылады. Оқушыларды бір топқа үйлестірудің оқыту үрдісінде алатын орны мен маңыздылығы көрсетіледі...
COMPETENCE-BASED APPROACH IN HIGHER PEDAGOGICAL EDUCATION
COMPETENCE-BASED APPROACH IN HIGHER PEDAGOGICAL EDUCATION
Мақалада ҚР білім беру бағдарламаларының білім беру нәтижелерін қалыптастыру мәселесін шешуде университеттер жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы құзіреттіліктер мен сол б...
Орталық Қазақстан қасқырларының (Canis Lupus) экологиялық ерекшеліктері
Орталық Қазақстан қасқырларының (Canis Lupus) экологиялық ерекшеліктері
Мақалада Орталық Қазақстан қасқырларының қазіргі жағдайы, сандық көрсеткіштері қарастырылған. Қарқаралы, Бақты, Ұлытау аймақтары бойынша талдаулар жасалған. Соңғы мəліметтер бойынш...
ЕАЭО САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ЕАЭО САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Бұл жұмыстың мақсаты 2022-2023 жылдардағы Еуразиялық 4 елдің салық әкімшілігінің макроэкономикалық тұрақтылыққа, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және ЖІӨ-нің нығаюына қосқ...
«Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі сүтқоректілерінің қазіргі жағдайы
«Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі сүтқоректілерінің қазіргі жағдайы
Мақалада«Бұйратау» Мемлектеттік ұлттық паркінің сүтқоректілерінің қазіргі жағдайы, таралуы, сандық динамикасы қарастырылған. Сандық көрсеткіштеріне, таралуына шектеуші факторларға ...
Алмастырылмайтын токендер нарығын талдау
Алмастырылмайтын токендер нарығын талдау
Мақсаты: алмастырылмайтын токендердің (Non-Fungible Token- NFT) қаржылық болашағын түсіну және талдау.
Әдісі: Зерттеуде алмастырылмайтын токендердің нарығы мен негізгі ерекшеліктер...
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
This article examines current issues in arts education regarding its role in the
preservation and promotion of cultural heritage. From there, the article looks at ways of integrati...
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТ
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТ
In this article, we will look at ways to improve functional literacy in teaching inorganic chemistry in
secondary schools. Students, using their skills and knowledge, relying on co...

