Javascript must be enabled to continue!
1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДІЛДІК ҮШІН КҮРЕСКЕНДЕР (Батыс Қазақстан облысы мысалында)
View through CrossRef
Мақалада XX ғасырдың 20-шы жылдарында Батыс Қазақстан өлкесінде әділдік үшін күрескен халық арасынан шыққан ерлердің іс-әрекеті және кеңес өкіметінің оларға қарсы аяусыз қуғын-сүргінді ұйымдастыруының тарихы архив деректеріне сүйене отырып шынайы тұрғыда қарастырылады. Өткен ғасырымыздың 20 жылдарында сол кездегі биліктің зорлықшыл саясатын мойындамай, қолдарына қару алып әділдік үшін күреске шыққандарды кеңес өкіметі «банды», «бандалық топтар» деп атап соңдарына түсіп, қуғын-сүргін ұйымдастырып, аяусыз жазалаумен, олардың көзін жоюмен айналысты. Халықтың ішінен шыққан мұндай жекелеген ерлер Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін еді. Олардың мұндай әрекетке баруына биліктің өздері кінәлі болатын. Олар шындығында биліктің халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығына, қысымшылығына қарсы тұрудың басқа жолын таппағандар еді. Қазақстанның барлық өңірінде жеңіске жетіп, толық орныққан Кеңестік билікке ашық қарсы шығу ол кезде оңай шаруа емес еді. Соған қарамастан олар өздерінің бас бостандықтары үшін қолдарына қару алып күреске шыққан еді. Боқай Сәбитов, Ерғали Аязбаев, Аманғали Кенжахметов, Құныскерей Қожахметов және басқалары халық аузында әділдік үшін басын өлімге тіккен күрескерлер деп есептеледі.
1920 жылдардағы кеңестік билік құрылымдарының Бөкей губерниясы (1925 жылдан Бөкей уезі) мен Орал губерниясы аумағындағы «бандылармен» күресіне қатысты Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінен табылған тарихи құжаттарға алғаш рет талдау жасалды. Жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты Батыс Қазақстан аумағындағы 1920 жылдардағы кеңес өкіметіне қарсы азаттық үшін күрескен халықтың ішінен шыққан ерлердің қиын өмір жолдары мен тағдырларын зерттей отырып, олардың әрекеттеріне қазіргі күн тұрғысынан тарихи баға беру болып табылады.
Ғылыми-ізденіс жұмысының нәтижесінде Кеңестердің Бөкей губерниялық/уездік атқару комитетінің, Кеңестердің Орал губерниялық атқару комитетіне қарасты қылмыстық іздестіру бөлімінің, Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (ОГПУ) және басқа да құзырлы құрылымдардың 1920 жылдардағы Қазақстанның батыс өңірдегі «бандылармен» күресудегі қолданған шаралары жөніндегі архив құжаттары алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
Kh.Dosmukhamedov Atyrau University
Title: 1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДІЛДІК ҮШІН КҮРЕСКЕНДЕР (Батыс Қазақстан облысы мысалында)
Description:
Мақалада XX ғасырдың 20-шы жылдарында Батыс Қазақстан өлкесінде әділдік үшін күрескен халық арасынан шыққан ерлердің іс-әрекеті және кеңес өкіметінің оларға қарсы аяусыз қуғын-сүргінді ұйымдастыруының тарихы архив деректеріне сүйене отырып шынайы тұрғыда қарастырылады.
Өткен ғасырымыздың 20 жылдарында сол кездегі биліктің зорлықшыл саясатын мойындамай, қолдарына қару алып әділдік үшін күреске шыққандарды кеңес өкіметі «банды», «бандалық топтар» деп атап соңдарына түсіп, қуғын-сүргін ұйымдастырып, аяусыз жазалаумен, олардың көзін жоюмен айналысты.
Халықтың ішінен шыққан мұндай жекелеген ерлер Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін еді.
Олардың мұндай әрекетке баруына биліктің өздері кінәлі болатын.
Олар шындығында биліктің халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығына, қысымшылығына қарсы тұрудың басқа жолын таппағандар еді.
Қазақстанның барлық өңірінде жеңіске жетіп, толық орныққан Кеңестік билікке ашық қарсы шығу ол кезде оңай шаруа емес еді.
Соған қарамастан олар өздерінің бас бостандықтары үшін қолдарына қару алып күреске шыққан еді.
Боқай Сәбитов, Ерғали Аязбаев, Аманғали Кенжахметов, Құныскерей Қожахметов және басқалары халық аузында әділдік үшін басын өлімге тіккен күрескерлер деп есептеледі.
1920 жылдардағы кеңестік билік құрылымдарының Бөкей губерниясы (1925 жылдан Бөкей уезі) мен Орал губерниясы аумағындағы «бандылармен» күресіне қатысты Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінен табылған тарихи құжаттарға алғаш рет талдау жасалды.
Жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты Батыс Қазақстан аумағындағы 1920 жылдардағы кеңес өкіметіне қарсы азаттық үшін күрескен халықтың ішінен шыққан ерлердің қиын өмір жолдары мен тағдырларын зерттей отырып, олардың әрекеттеріне қазіргі күн тұрғысынан тарихи баға беру болып табылады.
Ғылыми-ізденіс жұмысының нәтижесінде Кеңестердің Бөкей губерниялық/уездік атқару комитетінің, Кеңестердің Орал губерниялық атқару комитетіне қарасты қылмыстық іздестіру бөлімінің, Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (ОГПУ) және басқа да құзырлы құрылымдардың 1920 жылдардағы Қазақстанның батыс өңірдегі «бандылармен» күресудегі қолданған шаралары жөніндегі архив құжаттары алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
Related Results
НАРЫН ҚҰМЫНДАҒЫ БАТЫРБЕК ҚОРҒАНДАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
НАРЫН ҚҰМЫНДАҒЫ БАТЫРБЕК ҚОРҒАНДАРЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Мақалада Нарын құмында орналасқан Батырбек қорғандарында жүргізілген археологиялық қазбаның нәтижелері баяндалады. Нарын құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еді...

ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ БИОКОНВЕРСИЯСЫ
ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ БИОКОНВЕРСИЯСЫ
Бұл мақалада ауылшаруашылық өнімдерін (жоғары тиімді тыңайтқыштар мен жемшөп қоспалары) өндіру әдістерін жетілдіру үшін биологиялық белсенді компоненттермен (амин қышқылдары, дәрум...
FORMATION OF THE INSTITUTIONAL ENVIRONMENT OF ENTREPRENEURSHIP IN KAZAKHSTAN
FORMATION OF THE INSTITUTIONAL ENVIRONMENT OF ENTREPRENEURSHIP IN KAZAKHSTAN
Мақалада дамып келе жатқан Бизнестің институционалдық негіздері қарастырылады. Мақалада Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті ынталандырудың институционалдық құрылымы мәселесі ба...
ЕАЭО САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ЕАЭО САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Бұл жұмыстың мақсаты 2022-2023 жылдардағы Еуразиялық 4 елдің салық әкімшілігінің макроэкономикалық тұрақтылыққа, тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және ЖІӨ-нің нығаюына қосқ...
ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІНДЕГІ «ЕҢБЕК» АССОЦИАТИВТІ ӨРІСІ
ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІНДЕГІ «ЕҢБЕК» АССОЦИАТИВТІ ӨРІСІ
"Әртүрлі мәдениеттерде елдің дамуы және жеке тұлғаның өмірі мен іс-әрекет етуіне тікелей қатысы бар еңбек негізгі құндылықтар қатарына жатады. Алайда, сол мәдениеттерде еңбектің ко...
VIRAL HEPATITIS IN KAZAKHSTAN: REGIONAL EPIDEMIOLOGICAL OVERVIEW
VIRAL HEPATITIS IN KAZAKHSTAN: REGIONAL EPIDEMIOLOGICAL OVERVIEW
Introduction. Viral hepatitis remains a pressing public health concern worldwide. Like many other countries, Kazakhstan faces various epidemiological challenges associated with bot...
Аймақтардың интеллектуалдық әлеуетін бағалау: зерттеудің методологиялық негіздері
Аймақтардың интеллектуалдық әлеуетін бағалау: зерттеудің методологиялық негіздері
Әлемдегі жаһандану және интеграциялану үрдістері салдарынан білімді қоғамның пайдаболуын байқаймыз. Бұндай білімді қоғамда орнығу үшін Қазақстанда да айтылған қоғамдықалыптастыру қ...