Search engine for discovering works of Art, research articles, and books related to Art and Culture
ShareThis
Javascript must be enabled to continue!

Детектив әңгімелердегі өмір шындығының көркем шындыққа айналуы

View through CrossRef
Мақалада Қызылорда облысында тоқсаныншы, екі мыңыншы жылдары қоғамдық толқыныс тудырған ауыр, аса ауыр қылмыстарды әшкерелеуде полиция қызметкерлерінің жанқиярлық ерліктері туралы деректі детективті көркем шығармалар топтастырылған Н. Саматұлы мен Ә. Шаймағамбетовтің «Тәуелсіздік қырандары» жинағына енген шығармалар қарастырылған. «Қызылорда – Шымкент – «Набат», «Шаттықтың үңгірі», «Төрт қыздың трагедиясы», «Қызылордаша киднеппинг», «Алақандағы алты тал шаш», «Алты айда ашылған қылмыс»,  «Такси аулаған тажалдар» әңгімелерінде өмір шындығы көркем шындыққа айналғаны ауыл, аудан, қала, облыстағы Ішкі істер басқармасында жұмыс істеген қызметкерлердің аты-жөні өзгеріссіз берілуімен, оқиға болған жер мен уақыттың нақты көрсетілуімен, тоқсаныншы жылдары елді алаңдатқан қылмыстардың ашылуымен, Сот үкімінің орындалуымен анықталған. Жазушылардың қылмыстың себептерін талдап, әлеуметтік астарына үңіліп, белгілі деңгейдегі моральдық мәселелерді зерттеуді мақсат еткендігі нақты мысалдармен тұжырымдалған. Әңгімелердегі зұлымдық тек қоғам заңдарын ғана емес, сонымен бірге адамзат өмір сүріп жатқан ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормаларды өрескел және қорқынышты жағдайда бұзудан көрінген. Детектив шығармалардағы моральдық, психологиялық, криминологиялық, әлеуметтік-экономикалық қақтығыстардың үлкен қасіретке, адам өліміне алып келу себептері ашылған. Тергеушілердің құқықтық қорғауы жеке адамның меншігіндегі жоғалған мүлікті іздестіруімен айшықталған. Жазушылардың психологизмді игеруі әр кейіпкердің жандүниесіне үңіліп, ішкі және сыртқа қақтығыстардың себеп-салдарын ашуымен түйінделген.   Түйін сөздер: проза, детектив, оқиға, айғақ, тергеуші, құпия қылмыс, оқиғаның шиеленісуі, шешім.
Title: Детектив әңгімелердегі өмір шындығының көркем шындыққа айналуы
Description:
Мақалада Қызылорда облысында тоқсаныншы, екі мыңыншы жылдары қоғамдық толқыныс тудырған ауыр, аса ауыр қылмыстарды әшкерелеуде полиция қызметкерлерінің жанқиярлық ерліктері туралы деректі детективті көркем шығармалар топтастырылған Н.
Саматұлы мен Ә.
Шаймағамбетовтің «Тәуелсіздік қырандары» жинағына енген шығармалар қарастырылған.
«Қызылорда – Шымкент – «Набат», «Шаттықтың үңгірі», «Төрт қыздың трагедиясы», «Қызылордаша киднеппинг», «Алақандағы алты тал шаш», «Алты айда ашылған қылмыс»,  «Такси аулаған тажалдар» әңгімелерінде өмір шындығы көркем шындыққа айналғаны ауыл, аудан, қала, облыстағы Ішкі істер басқармасында жұмыс істеген қызметкерлердің аты-жөні өзгеріссіз берілуімен, оқиға болған жер мен уақыттың нақты көрсетілуімен, тоқсаныншы жылдары елді алаңдатқан қылмыстардың ашылуымен, Сот үкімінің орындалуымен анықталған.
Жазушылардың қылмыстың себептерін талдап, әлеуметтік астарына үңіліп, белгілі деңгейдегі моральдық мәселелерді зерттеуді мақсат еткендігі нақты мысалдармен тұжырымдалған.
Әңгімелердегі зұлымдық тек қоғам заңдарын ғана емес, сонымен бірге адамзат өмір сүріп жатқан ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормаларды өрескел және қорқынышты жағдайда бұзудан көрінген.
Детектив шығармалардағы моральдық, психологиялық, криминологиялық, әлеуметтік-экономикалық қақтығыстардың үлкен қасіретке, адам өліміне алып келу себептері ашылған.
Тергеушілердің құқықтық қорғауы жеке адамның меншігіндегі жоғалған мүлікті іздестіруімен айшықталған.
Жазушылардың психологизмді игеруі әр кейіпкердің жандүниесіне үңіліп, ішкі және сыртқа қақтығыстардың себеп-салдарын ашуымен түйінделген.
  Түйін сөздер: проза, детектив, оқиға, айғақ, тергеуші, құпия қылмыс, оқиғаның шиеленісуі, шешім.

Related Results

QUALITY OF LIFE AND MENTAL HEALTH OF PATIENTS WITH RHEUMATOID ARTHRITIS. LITERATURE REVIEW
QUALITY OF LIFE AND MENTAL HEALTH OF PATIENTS WITH RHEUMATOID ARTHRITIS. LITERATURE REVIEW
Background: Rheumatoid arthritis (RA) is a chronic autoimmune disease marked by persistent inflammation, joint damage, pain, and progressive functional limitations. These symptoms ...
ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ПОЭТИКА
ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ПОЭТИКА
Мақалада қазіргі қазақ әңгімесіндегі тарихи поэтика мәселесі қарастырылады. Жазушы Айгүл Кемелбаеваның «Көкенай мен Қалқаман», «Ереймен мен Ақынай» әңгімелерінде әдебиеттанудағы об...
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
ТІЛ БІЛІМІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СТИЛЬ
Мақалада стиль құбылысы ғылыми проблематика ретінде қарастырылған. Бұл мәселе бойынша жазылған еңбектердегі ғылыми идеяларды және тұжырымдарды салыстыру барысында стиль құбылысының...
Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы «Жер-Ана» ұғымы
Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы «Жер-Ана» ұғымы
Мақалада Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы «Жер-Ана» ұғымының көркемдік-философиялық мазмұны концептілік тұрғыда жан-жақты талданады. Жазушы туындыларында табиғат тек қоршаған орта ...
ИСТОРИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА СРЕДЫ ОБИТАНИЯ ГАБИТА МУСРЕПОВА
ИСТОРИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА СРЕДЫ ОБИТАНИЯ ГАБИТА МУСРЕПОВА
Шығармашылық интеллигенциясының қазақ қоғамында атқарған рөлі, көтерген жүгі әрдайым үлкен болып келеді. Ұлт тағдыры көп жағдайда олардың іс-әрекетімен байланысты ...
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
     Мамандық таңдау – жауапты іс. Мамандықты таңдай отырып, адам жұмыс уақытында айналысатын іс-әрекетті таңдап қана қоймайды. Ол сондай-ақ өмір салтын, оның бүкіл өмір салтын таң...
Абайды абайлайық
Абайды абайлайық
"Мақалада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы, жеке басы хақында айтылған кейбір келеңсіз пікірлердің негізсіз екендігі сөз болады. Осы ретте «Абай» деген ақын мүлде...
Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту
Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл ХХІ ғасырдағы шығармашылық ойлау (креативті ойлау), қарым-қатынас және топта жұмыс жасау дағдылары сияқты өте маңызды дағды. Бұл дағдылар ХХІ ғасырдағы өм...

Back to Top