Javascript must be enabled to continue!
Болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту
View through CrossRef
Мақалада болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту мәселелесі мен олардың кәсіби құзыреттілігіне әсері қарастырылған. Зерттеу аясындағы транссауаттылық термині — цифрлық құрылғыларды қолдана отырып, ақпаратпен тиімді жұмыс істеу, оның маңыздылығын түсіну, сенімділігін бағалау мен практикалық тиімді қолдану мүмкіндігімен сипатталады. Алыс-жақынды шетелдік және отандық ғылыми еңбектердегі транссауаттылық мәселесінің зерттелу жағдайы берілген. Авторлар тарапынан болашақ педагог-психологтерге қойылатын заманауи талаптар, ақпараттық және цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің цифрлық кеңістікте әртүрлі ақпарат көздеріне қол жеткізуі үшін транссауаттылықты дамыту қажеттілігі негізделген. Жоғары оқу орнындағы болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығының ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында арнайы жасалған сауалнама жүргізіліп, алынған нәтижелері талданды. Зерттеу жұмысындағы транссауаттылықты дамытуға бағытталған инновациялық әдістердің болашақ мамандардың танымдық, коммуникативтік, мотивациялық, сыни ойлау, өзіндік ізденіс пен бағалау деңгейін арттыратындығы сипатталды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен арнайы сауалнама нәтижелерін саралай келе, болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамытуда жобалық оқыту, презентация мүмкіндігі, цифрлық портфолио, ойынға негізделген оқыту сияқты инновациялық әдістер ұсынылды. Бүгінгі ақпарат ағыны мен цифрлық технологиялардың жылдам жаңаруы тұсында студенттердің транссауаттылығын дамыту олардың кәсіби дайындығының маңызды бөлігі бола отырып, педагогикалық және психологиялық ақпаратпен тиімді жұмыс істеуге, цифрлық технологияларды жетік қолдануға мүмкіндіктер ашады. Зерттеу нәтижесінде авторлар болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамытуға арналған ұсыныстар береді.
Karagandy University of the name of academician E.A. Buketov
Title: Болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту
Description:
Мақалада болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамыту мәселелесі мен олардың кәсіби құзыреттілігіне әсері қарастырылған.
Зерттеу аясындағы транссауаттылық термині — цифрлық құрылғыларды қолдана отырып, ақпаратпен тиімді жұмыс істеу, оның маңыздылығын түсіну, сенімділігін бағалау мен практикалық тиімді қолдану мүмкіндігімен сипатталады.
Алыс-жақынды шетелдік және отандық ғылыми еңбектердегі транссауаттылық мәселесінің зерттелу жағдайы берілген.
Авторлар тарапынан болашақ педагог-психологтерге қойылатын заманауи талаптар, ақпараттық және цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің цифрлық кеңістікте әртүрлі ақпарат көздеріне қол жеткізуі үшін транссауаттылықты дамыту қажеттілігі негізделген.
Жоғары оқу орнындағы болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығының ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында арнайы жасалған сауалнама жүргізіліп, алынған нәтижелері талданды.
Зерттеу жұмысындағы транссауаттылықты дамытуға бағытталған инновациялық әдістердің болашақ мамандардың танымдық, коммуникативтік, мотивациялық, сыни ойлау, өзіндік ізденіс пен бағалау деңгейін арттыратындығы сипатталды.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен арнайы сауалнама нәтижелерін саралай келе, болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамытуда жобалық оқыту, презентация мүмкіндігі, цифрлық портфолио, ойынға негізделген оқыту сияқты инновациялық әдістер ұсынылды.
Бүгінгі ақпарат ағыны мен цифрлық технологиялардың жылдам жаңаруы тұсында студенттердің транссауаттылығын дамыту олардың кәсіби дайындығының маңызды бөлігі бола отырып, педагогикалық және психологиялық ақпаратпен тиімді жұмыс істеуге, цифрлық технологияларды жетік қолдануға мүмкіндіктер ашады.
Зерттеу нәтижесінде авторлар болашақ педагог-психологтердің транссауаттылығын дамытуға арналған ұсыныстар береді.
Related Results
Болашақ педагогтың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың ролі
Болашақ педагогтың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың ролі
Мақалада болашақ педагогтың өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттерін қалыптастыруда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі — ЖЖОКБҰ) ұйымдастыры...
IMPORTANCE OF DEVELOPING THE IMAGEOF THE NURSING PROFESSION IN KAZAKHSTAN
IMPORTANCE OF DEVELOPING THE IMAGEOF THE NURSING PROFESSION IN KAZAKHSTAN
Introduction: Nursing is a part of the health care system, including activities to promote public health, prevent diseases, provide psychosocial care and care for people with physi...
Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту
Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл ХХІ ғасырдағы шығармашылық ойлау (креативті ойлау), қарым-қатынас және топта жұмыс жасау дағдылары сияқты өте маңызды дағды. Бұл дағдылар ХХІ ғасырдағы өм...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мақалада қазіргі жағдайдағы Павлодар облысының туризм саласын дамытудың мүмкіндіктері талданып, саланы одан әрі дамытудың болашағы бағаланды. Туризм секторы – мемлекеттің әлеуметті...
Адами капитал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты көзі ретінде
Адами капитал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуінің басты көзі ретінде
Постмодерндік қоғам дамуының қазіргі кезеңі білім беру, оқыту және адамның жалпымәдениетінің өсіп келе жатқан рөлімен сипатталады. Барлық елдердің экономикаларынзерттеуге сүйене от...
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН АРТТЫРУҒА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН АРТТЫРУҒА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) технологияларын пайдалану өте маңызды. Бұл технологиялар оқушылардың пәнге деген қызығушы...
ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ
ҚАТЫСЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ
"Бұл мақалада қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың түрлері талданған. Тіл үйретуде алдағы қатардағы озық әдіскерлердің еңбектеріне шолу жасалған. Тіл дамытуға бағытталған грамм...
STRATEGIC OPPORTUNITIES FOR THE DEVELOPMENT OF AGRICULTURAL COOPERATION IN KAZAKHSTAN
STRATEGIC OPPORTUNITIES FOR THE DEVELOPMENT OF AGRICULTURAL COOPERATION IN KAZAKHSTAN
Қазақстанның ауылдық аумақтарының тұрақты дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы (АШ) өндірісінің шағын тауарлық сипатын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірі...

